Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты • 70%-ға дейін жеңілдік: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді • Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды •

    «Құрма таратқан»: Алматыда автобустың жолағына шыққан жүргізуші жасөспірімді қағып өлтірді 

    Алматыда қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен жүрген жүргізуші жасөспірімді қағып кетті. 16 жастағы жеткіншек алған жарақатынан көз жұмды. 25 жастағы жігіт жоғары жылдамдықпен автобустарға арналған жолақпен жүйткіген. Полиция қылмыстық іс қозғады.

    «Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде сағат 19.30-да 1998 жылы туған А азамат Toyota Camry маркалы машинамен Абай даңғылы арқылы батыс бағытта жүрген.  2007 жылы туған Н жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жолды кесіп өткпек болған. Нәтижесінде жүргізуші кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекті қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттары бар жаяу жүргінші қаладағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, кейін қайтыс болды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Ал оқиғаның куәгерлері қайтыс болған баланың ауызашар уақытта жолда су мен құрма таратып жүргенін жазып жатыр.

    «Кеше ауызашарға су мен құрма таратып жүрген баланы көлік қағып кетті», — делінген тараған ақпаратта.

    https://www.youtube.com/shorts/gVwAouWK8QI

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →