Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды

    Муфтияттағы ақталудың астары: Астандағы зәулім үйдің иесі Зекет қорын басқарғанда 1,1 млрд теңге ұрланған

    Муфтияттағы ақталудың астары: Астандағы зәулім үйдің иесі Зекет қорын басқарғанда 1,1 млрд теңге ұрланған

    Қаржы мониторингі агенттігінің іздеу тақтайшасындағы мынау екеу (суретте) республика бюджетінен мүфтияттың «Зекет» қоры арқылы 1,1 млрд теңге ұрлады деп күдікке ілінген. Бұл иуралы қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков жазды.

    «Мұның бәрі Наурызбай Өтпенов наиб мүфти, кейін бас мүфти қызметін атқарып тұрған тұста орын алған оқиға. Сол кезде Әнуарбек Жексенғалиев «Зекет» қоры Астана қаласы өкілдігінің директоры болған. Оның сыбайласы Еркін Медетбеков — Жексенғалиевке дейін «Зекет» директоры болған Нұрлан Лесбекұлы Алжанқұловтың көмекшісі екен. Бұл екеуіне 2022 жылы іздеу жарияланды. Сол жылы Ә.Жексенғалиев ұсталды, 6 жыл 8 айға сотталды. Ал Е.Медетбековтің ісі не болғаны белгісіз.Мүфтият маңындағы құпия дереккөздің айтуынша, Астанадағы «Алланың үйіне» ұқсайтын алып коттедж «менікі» деп жүрген Нұрлан Лесбекұлы Алжанқұлов ««Зекет» қорының Астана филиалының директоры қызметін атқарғанда Ә.Жексенғалиев соның орынбасары еді. Кейін Жексенғалиев Алжанқұловтың орнына директор болыпты»,- дейді ол.

    Әлімбековтың айтуынша, «Зекеттің» экс-директоры Алжанқұловтың Астанадағы алып үйінің видеосы жарияланғанда мүфтият қызметкерлері шыжбыңдап, жанын қоярға жер таппай кетіп еді, бекер емес боп шықты.

    «Мұнда дәу гәп бар екен. Бұл ақпарат сол гәптің бір бөлшегі ғана. Меніңше, Астанадағы «Алла үйіне» ұқсайтын алып коттедждің «мүфтиятқа қатысы жоқ, үй — кәсіпкер Алжанқұловтікі…» деп бетбақтырмайтын мәлімдемемен жамағатты төпелеудің астарында тағы бір гәп бар сияқты. Мен қазір сол гәпті негіздейтін фактін іздеп, интернетті шұқылап қазып жатырмын»,- деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →