Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды Щучинсктегі 12 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты «Жан гүлім, сән гүлім»: Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды Щучинсктегі 12 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты «Жан гүлім, сән гүлім»: Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр

    Павлодарда зейнеткердің өтінен 60-қа жуық тас алынды

    Павлодарда зейнеткердің өтінен 60-қа жуық тас алынды

    Павлодарда хирургтар зейнеткерге бірден екі түрлі ота жасап, өт жолдарынан 60-қа жуық тас алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Көшеде серуендеп жүрген 77 жастағы тұрғын іші ауырып, қан құса бастаған. Жедел жәрдем шұғыл зейнеткерді бірден №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізген.

    Хирург Нұрсұлтан Андасбековтің айтуынша, науқастың терісі мен көзі сарғайып кеткен. Сол күні мәселенің неде екеніне көз жеткізу үшін инфузионды терапия және құрсақ қуысының магнитті-резонансты томографиясы жасалған.

    «МРТ кезінде өт жолдарында көптеген тас барын анықтап, бір анестезиямен бір уақытта екі түрлі ота жасауды шештік. Бірінші кезең – пункциялар арқылы ішінде тастары бар өт қабын алу. Бірақ тастар өт қабының жолдарында қалғандықтан, оларды ауыз қуысы арқылы алып тастауға мәжбүр болдық», — дейді хирург.

    Дәрігердің сөзінше, адам ағзасында диаметрі 0,4-тен 0,7 сантиметрге дейін 60-қа жуық тас пайда болуы сирек жағдай. Әдетте, хирургтар екі немесе үш тасты алып тастайтын оталарды жасайды.

    Мұндай хирургиялық араласудан кейін қалпына келу тез жүреді, келесі күні науқас өздігінен жүре бастап, тамақ іше алады. Бірақ бастапқы кезде майлы, қуырылған, ащы тамақтарды жеуге тыйым салынады әрі диета ұстауға тура келеді.

    Қазір зейнеткер өзін жақсы сезінеді. Жеті күннен кейін қайтадан ауруханаға оралып, іш қуысының МРТ-сынан өтуі керек. Егер өт қабының жолдары таза болса, хирургтар іш қуысындағы стентті алып тастайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →