Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Қонаевта соққыға жығылған оқушының анасы үндеу жасады

    Қонаевта соққыға жығылған оқушының анасы үндеу жасады

    Журналист Гүлмира Әбіқайдың фейсбук парақшасында кәмелеттік жасқа толмаған баланы жолдастары өлімші етіп сабағаны туралы ақпарат тарады.

    Бұған дейін Полиция басқармасы мәлім еткендей, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

    Сондай-ақ білім бөлімі орта мектеп-гимназиясындағы тәртіптік жағдайға қатысты комиссия құрды. Оқушы «Антисептикпен улану» диагнозымен ауруханаға түскен. Қазіргі таңда жағдайы жақсы, ем қабылдауда.

    Оқушының анасы төбелес болғанын жоққа шығарып, бейнежазба түсірді.

    «Осы жылдың 31 қаңтарында кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға түсті. Қаланың кіреберіс көпірінің астында ұлымды ешкім соққыға шыққан жоқ және ешқандай топтық төбелес болған жоқ», — делінген бейнежазбада.

    Журналистерден және Қазақстан халқынан ресми ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату үшін ҚР Заңнамасы аясында әкімшілік жаза қарастырылғанын естеріңізге саламыз.

    Айта кетейік, Қонаевта бұған дейін көпірдің астында төбелес болғаны туралы дерек тіркелмеген. Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған бала оқуда озат, ортасында сыйлы оқушы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →