Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Шымкентте зират маңында қару жасырылған орын табылды

    Шымкентте зират маңында қару жасырылған орын табылды

    ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, заңсыз айналымнан қару-жарақты, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды анықтау және тәркілеу бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Министрлік мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік кезінде 2960 табельдік және азаматтық қару ұрланған. Бұл ретте соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту және рейдтердің нәтижесінде 8 мыңға жуық атыс және травматикалық қару, 831 граната және түрлі калибрлі 112 мыңнан аса оқ-дәрілер табылып, тәркіленген. Сондай-ақ қару жасырылған 722 орын табылды.

    «Бүгінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі нақты айқындалды. Қалған тәркіленген 6765 қарудың қылмыскерлер тіркеу нөмірлерін қасақана жойып, өшіріп тастағанына байланысты қазір тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

    Биыл қаңтарда Шымкент қаласының шетінде зират маңынан қару жасырылған орын табылып, 4 тегіс ұңғылы мылтық пен түрлі оқ-дәрілер тәркіленген. Олардың ішінде Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да бар. Қостанай облысында бұрын сотталған жергілікті тұрғынның жертөлесінен 3 Калашников автоматы тәркіленген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    «ІІМ және ҰҚК бұл жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырып жатыр», — деді Шыңғыс Алекешев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →