Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды

    Балталап тастаған: Өскеменде 27 жастағы жігіт үш туысын өлтіріп, өртеп жіберген

    Балталап тастаған: Өскеменде 27 жастағы жігіт үш туысын өлтіріп, өртеп жіберген

    Фото: ryazan.sledcom

    Жас жігіт бірден үш адамның өмірін қиған

    Өскеменде туыстарын аяусыз өлтірген ер адам ұсталды. 27 жастағы жігіт 3 адамның денесін жөртөлеге тастап, үйді өртеп жіберген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.

    «Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 30 қаңтарда Өскемендегі жер үйдің бірінде болған. Алдымен үйден өрт шыққан. Жергілікті өрт қызметі тілсіз жаудың бетін қайтарған соң, үйдің жертөлесінен басы пышақ және балтамен жараланған 3 адамның мәйіті табылған. Олар 79 жастағы үй иесі, оның бірге тұратын 69 жастағы әйелі және 51 жастағы туысқаны болып шықты.

    Полиция қайғылы оқиға болардан бұрын көз жұмғандар бірге арақ ішіп отырған дейді. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. 27 жастағы ер адам туыстарын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйге өрт қойған.

    «Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың себептерін объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізеді», — делінген ШҚО полициясының хабарламасында.

    Қазір ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →