Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Түркістан облысындағы тарихи ескерткіш құлап қалды

    Түркістан облысындағы тарихи ескерткіш құлап қалды

    XII-XIII ғасырларда тұрғызылған бұл нысан ғасырлар бойы жел мен жауынға төтеп бергенімен, соңғы жылдары тозып, жаңбыр мен қар суының әсерінен бүлінген, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    Қоғам белсенділері дабыл қаққанымен, ескерткіш сақталмады.

    Әлеуметтік желілерде қоғам белсендісі Жылбек Керімбек бұл жағдайдың алдын алу мүмкін болғанын айтып, жауапты мекемелердің немқұрайлылығын сынға алды.

    «Бұған дейін талай рет дабыл қақтық. Төбесін жауып, жаңбыр мен қар суынан сақтау қажеттігін айттық. Бірақ шара қолданылмады. Ақыры жауын-шашын дуалдарды мүжіп, мұнараны құлатты. Бұл – біздің тарихи мұрамызға жасалған қиянат» – деді ол.

    Мәдениет қайраткері Төреғали Ташеновтің пікірінше, мұнара жөндеу көрмей, сол қалпында тұрған жағдайда әлі де ғасырларға шыдас беруі мүмкін еді.

    «Жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеді. Төбесі ашық қалды, ал жауын-шашын ғасырлар бойы мызғымаған құрылымды бұзды. Егер ескерткішке мүлде тиіспесе, ол әлі 100 жыл тұрар ма еді?» – деді ол.

    Жергілікті әкімдік пен жауапты мекемелер не дейді?

    Созақ ауданы әкімдігі бұл жағдай бойынша облыстық мәдениет басқармасына шұғыл хат жолданғанын хабарлады.

    Фото: madeniportal.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →