Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы •

    Президент Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апаты туралы: «Әр секунд қымбат еді»

    Президент Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апаты туралы: «Әр секунд қымбат еді»

    Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Ақтаудағы ұшақ апатына арнайы тоқталды. Ол әділетсіздік болмас үшін арнайы құрылғыны Бразиялияға беру дұрыс шешім деп санайтынын айтты. 

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласында орын алған ұшақ апаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Олардың ішінде 6 қазақстандық опат болды.

    «Көптеген жолаушы ауыр жарақат алған. Президенттің айтуынша, мұндай сын сәтте әрбір секунд ерекше маңызды. Құтқарушылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары және жақын маңдағы Маңғыстау өңірлік электр торабының жұмысшылары апат орнына жылдам жетіп, үйлесімді әрекетімен көптеген адамның өмірін сақтап қалуға ықпал еткен. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға белсене атсалысып, жанқиярлық көрсеткен. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін», – деді Тоқаев.

    Президент қазақстандықтардың апатқа ұшырағандарға жанашырлық танытып, халықтың жаппай қан тапсыруға асыққанына да айырықша тоқталды. Апаттың себебін анықтау мақсатында Үкімет комиссиясы құрылды. Жұмысқа Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) және Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) мамандары бастаған 17 шетелдік сарапшы шақырылды.

    «Үкімет комиссиясы арнайы құрылғыны ұшақты жасаған Бразилия еліне жіберу туралы шешім қабылдады», – деді Тоқаев. 

    Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам – тергеу жұмыстарының объективті әрі бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етудің жалғыз дұрыс жолы.

    Президент Тоқаев төтенше жағдайлар кезінде халқымыздың ынтымақ пен бірлікке сүйенетінін ерекше атап өтті. Бұл апат – елімізге әрі жауапкершілік, әрі жанашырлық сыналған ауыр сынақ. Тиісті шаралар қабылданған соң, құтқару жұмыстарына қатысқандарға алғыс айтылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын мұқият тексеру басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →