Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда

    Юлия Путинцева Брисбен турнирінің үшінші айналымына өтті

    Юлия Путинцева Брисбен турнирінің үшінші айналымына өтті

    Әлемнің 29-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жарыстың 15-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған Ю.Путинцева әлемнің 67-ракеткасы, америкалық Маккартни Кесслердің мысын басты.

    Бірінші партияда 6:2 есебі тіркелсе, екінші сетті де Путинцева жеңіспен түйіндеді – 7:5.

    Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Юлия 3 эйске қоса 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Эйс жасамаған Кесслер 2 брейк-пойнттан да ештеңе шығара алмады.

    Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко немесе рейтингіде 75-сатыдағы мексикалық Рената Сарасуаның қай жеңгенімен таласады.

    Брисбенде 29 желтоқсанда басталған дода 5 қаңтарда мәресіне жетеді.

    2024 жылы Брисбенде финалда А.Соболенконы ұтқан қазақстандық Елена Рыбакина жеңімпаз атанса, Ю.Путинцева қатыспаған еді.

    Путинцева WTA live рейтингісінде 26-орынға көтеріліп тұр. Осы орнын сақтап қалса, бұл оның әлемдік рейтингідегі рекордтық көрсеткіші болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →