Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Арманға тыйым салуға бола ма? Тұрғын үй салымының құқықтық қорғанышы қалай қалыптасты Астана тұрғыны ұшақ бортында жанжал шығарып, 10 тәулікке қамалды

    Астанада жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді

    Астанада жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді

    Фото: Pixabay 

    Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңа жылдық отшашу іске қосылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

    Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

    31 желтоқсанда сағат 21:00–ден 02:00–ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

    Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Промышленный елді мекені және «Көктал» саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →