Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    «Анасы әлі білмейді»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шаймерденова туралы жазды

    «Анасы әлі білмейді»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шаймерденова туралы жазды

    Коллаж: Inbusiness.kz 

    Отандық тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан елорда тұрғынына қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Мен Астана нотариаттық палатасының төрайымы Әйгерім Айкешевамен сөйлестім. Сөзінше, өткен жексенбіде олар нотариустар корпоративінде бірге болған. Гаухар әріптестеріне кенже ұлымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйда тұратын отбасылық достарына баратынын айтқан. Астанадан Грозныйға тікелей рейс болмағандықтан, олар Баку арқылы ұшқан. Гаухардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар. Ол жақында елге ұшып келгендіктен, Астанада қалған. Гаухардың анасы қайғылы жағдай туралы әлі білмейді. Гаухардың бұрынғы жұбайы мен көмекшісі марқұмдардың денесін алып кету үшін Ақтауға ұшып кеткен», – деді журналист желідегі парақшасында.

    Айта кету керек, осыған дейін ұшақта болған 6 отандасымыз мерт болғанын жазғанбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →