Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Атырау облысында жұмысшыға қасқыр шапқан

    Атырау облысында жұмысшыға қасқыр шапқан

    Атырау облысында шаруа қожалығының жұмысшысына қасқыр шауып, қолын тістеп алған. Ер адам қолынан жарақаттанған.

    Оқиға кеше, 19 желтоқсанда Индер ауданындағы Елтай ауылдық округінің аумағында орналасқан Көктөбе қыстағында болған. Мұнда «Бекзат» шаруа қожалығының малшылары қоныстанған.

    Ауылдық округ ветеринары Амантай Мұқатовтың дерегіне сүйенсек, қожалық жұмысшысы Болат Сариев малға шөп салу үшін аулаға кірген. Сол кезде оған түз тағысы шапқан.

    «Қасқыр Болат Сариевтің қолын тістеп алған. Оның қолында қасқыр тісінің ізі бар. Ол қасқырмен алысқан сәтте інісі Аманжол дереу жеткен. Екеуі қасқырды ұрып өлтірген», -деді Амантай Мұқатов.

    Ветеринардың айтуынша, қасқырдың басы облыстық ветеринарлық зертхана тапсырылған. Ал өлексесі санитарлық талапқа сай өртеліп, кейін көмілген.

    Түз тағысы тістеген Болат Сариев аудан орталығы – Индербор кентіндегі ауруханада амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

    Жарақат алған Болат Сариевтің баласы әлеуметтік желіде қасқыр түсірілген видеоны жүктеді.

    Оның айтуына қарағанда, екі-үш күн бұрын дәл осындай оқиға Ынтымақ ауылында да болған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →