Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті •

    Сәтбаевтағы сергелдең: бірнеше күн ереуілдеткен «Қазақмыс» кеншілері келісімге келді

    Сәтбаевтағы сергелдең: бірнеше күн ереуілдеткен «Қазақмыс» кеншілері келісімге келді

    Фото: КазТАГ

    «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғанцветмет» Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шыққан еді. Бірнеше күннен кейін басшылықпен жұмысшылар келісімге келіп тарады, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Жұмыс беруші тарапынан жан-жақты түсіндіру мен келіссөз жүргізудің нәтижесінде 19 желтоқсан сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Саяқ, Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс қорыту зауытының штаттық режимдегі жұмысы қалпына келтірілді.

    — Бұған дейін аты аталған кеніштер мен зауыт жұмысшылары әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын тоқтатқан болатын, – деп мәлімдеді «Қазақмыс» корпорациясы.

    Компания екі күндік ереуіл өзара мәмілемен аяқталды. Жұмыс беруші мен жұмысшылар еңбек жағдайы бойынша ортақ келісімге келді деп отыр.

    Еске салсақ, бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғанцветмет» Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шыққан болатын.

    250-ден астам кенші алдымен жалақыны 30%, кейін 100% көтеруді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан қысымды тоқтатуды талап еткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →