Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ақтөбеде 5 баланың өліміне кінәлі көлік жүргізушісі сотталды

    Ақтөбеде 5 баланың өліміне кінәлі көлік жүргізушісі сотталды

    Самара-Шымкент тасжолында жүк көлігімен қарсы бағытқа шығып, жеңіл көлікке соқтығысқан жүргізуші сотталды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Жол апаты кезінде 8 адам қаза тапса, оның бесеуі бала.

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьевке қатысты сот үкімі шықты.

    Іс материалына сүйенсек, биыл тамыз айында ол Самара-Шымкент бағытындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде қарама-қарсы келе жатқан «Toyota Ipsum» көлігімен соқтығысады. Көлік ішінде 7 жолаушы болған. Оқиға орнында жүргізуші мен сол жолаушылардың бәрі көз жұмды. Сот отырысы кезінде сотталушы бар кінәні мойындады.

    «Сотталушы Сергей Соловьев кінәлі деп танылып, оған 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді судья Алтынбек Сабыров.

    Сот жәбірленушілердің талап арыздарын ішінара қанағаттандырды. Сергей Соловьев 8 жәбірленушіге 55 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →