Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Солтүстік Қазақстанда көпір опырылып, жүк көлігі өзенге құлап кетті

    Солтүстік Қазақстанда көпір опырылып, жүк көлігі өзенге құлап кетті

    Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданында екі ауылды жалғайтын көпір опырылып түсіп, жүк көлігі өзенге құлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оқиға болған жерде түсірілген видео жергілікті skopetro Instagram-парақшасында жарияланды. Ролик авторының хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні Ғабит Мүсірепов ауданында болған. Видеодан жүк көлігінің суда жатқанын анық көруге болады. Жергілікті аудан әкімдігі осы жазба астына мәлімет жариялады.

    «18 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда «Shaсman» автокөлігі жолды қысқарту мақсатында қолдан құрастырылған осы өткелмен өткен. Өткел Бірлік және Нежинка ауылдарының арасында орналасқан, бірақ ресми түрде автожолға жатпайды. Өткел ауыр салмақты көтере алмай, соның салдарынан жүк көлігі аударылып түскен. Ешкім зардап шекпеді», — деп хабарлады аудан әкімдігі.

    Мәліметке қарағанда, сол маңда жүк көлігін өзеннен шығару жұмыстары жүріп жатыр. Одан соң өткелді жөндеу жұмыстары басталады.

    Бұған қоса, әкімшілік мәліметінше, көпір құрылысы жобасы дайындалды. Қазір ол мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →