Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды

    Депутат Жигули Дайрабаев елімізде жаңа банк құруды ұсынды

    Депутат Жигули Дайрабаев елімізде жаңа банк құруды ұсынды

    Бұл мәселені қарастыру бойынша жұмыс тобы құрылғанымен, іс өнбей жатыр.

    Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев елде агробанк құру мәселесін тағы көтерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Депутат Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

    «Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие көлемін 1,5 трлн-ға жеткізу бойынша Үкіметке нақты тапсырма берді. Алайда қаржыны уақытылы фермерлерге жеткізу кезіндегі проблемаларды, жүйеде туындайтын оқылықтарды ескеріп агробанк құру мәселесін қайта көтеруге мәжбүрміз. Біздің фракцияның депутаттары бірінші күннен бастап осы сұрақты әрдайым көтеріп, басқа әріптестерімізден де қолдау тапқан болатын. Алайда бұл сұрақты қарастыру бойынша жұмыс тобы құрылғанымен, іс мардымсыз жүруде», — деді депутат.

    Жигули Дайрабаев көршілес Қырғызстанның тәжірибесін мысалға келтірді.

    «Айыл банктің жұмысымен кеңінен таныстым. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес Қырғыз елінің банктері 86 млрд сом көлемінде таза табыс тапқан, ал Айыл банк сол көрсеткіштердің көшін бастап тұр. Яғни 5,5 млрд сом көлемінде қазынаға пайда әкелген. Осындай жаңалықтарды неге біздің Үкімет ескермейді? Әлде бұл банк иелерінің лоббиі ма?», — делінген депутаттық сауалда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →