Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды

    «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы төрағасы сотталды

    «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы төрағасы сотталды

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

    Келісімшарттың бұзушылықтармен жасалғандығы және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.

    Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →