Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Алматыда қарт кісі оқушы қызды бетінен ұрып, көзілдірігін сындырған (ВИДЕО)

    Алматыда қарт кісі оқушы қызды бетінен ұрып, көзілдірігін сындырған (ВИДЕО)

    Әлеуметтік желіде Алматыда үлкен жастағы ер адамның мектеп оқушысына шабуыл жасағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

    Оқиға қоғамдық көлікте болды.

    «Басымнан өткен жағдайды айтқым келеді. Алматыда 2024 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат екіден 45 бағыттағы автобуста маған (кәмелетке толмаған оқушы қыз) қарт адам шабуыл жасады. Ол мас күйінде болуы мүмкін. Жағдай мені ояту үшін аяғымды тебуінен басталды, содан кейін сөзге келіп қалып қалды. Артынша, ол менің бетімді ұрып, көзілдірігімді жұлып алып, сындырып тастады. Шағым берілді», — деп жәбірленушінің оқиғасын Kris.p.karasai парақшасы жариялады.

    Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі берген түсініктемеде бұл факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

    «Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол ұсталды. Қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деді полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →