Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    70 жолаушысы бар ұшақ Астанадан Талдықорғанға ұша алмай қалды

    70 жолаушысы бар ұшақ Астанадан Талдықорғанға ұша алмай қалды

    Фото: inbusiness.kz

    Астана – Талдықорған бағытындағы Qazaq Air рейсінің тоқтатылуына Талдықорған әуежайындағы күрделі метеорологиялық жағдайлар әсер етті. Ұшу-қону жолағы қардан тазаланбаған және әуе кемелерін қар мен мұздан тазартуға арналған сұйықтық жетіспеген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Qazaq Air компаниясының өкілі рейстердің тоқтатылуына әуе компаниясының еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

    «Келесі рейс Астанадан Талдықорғанға 13 желтоқсанда ұшады», — деп Qazaq Air өкілі ашуға булыққан жолаушыларды тыныштандыруға тырысты.

    Алайда бұл рейстің де ұшуы белгісіз, себебі орындардың толып қалу қаупі бар. Осылайша, жолаушыларға үш күн бойы әуежайда күтуді немесе өз бетімен Талдықорғанға жетудің жолын табуды ұсынды.

    «Біз билеттерді ыңғайлы әрі жедел ұшу үшін сатып алдық. Бірақ салдарынан қосымша шығынға ұшырап, уақыт жоғалтуға мәжбүр болдық», – деп шағымданды жолаушылар.

    Жолаушылардың бірі Астанадан Алматыға жаңа билет сатып алуға мәжбүр болғанын айтты. Оның құны 71 мың теңге болып, ал Талдықорғанға жету үшін такси жалдауға тура келген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →