Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО элеваторында екі жұмысшы механизмнен жарақат алды Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды Атыраудағы кісі өлтіру ісі бойынша үкім заңды күшіне енді Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады СҚО элеваторында екі жұмысшы механизмнен жарақат алды Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды Атыраудағы кісі өлтіру ісі бойынша үкім заңды күшіне енді Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады

    Атырауда 84 киіктің өлексесі табылды

    Атырауда 84 киіктің өлексесі табылды

    Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты екі ауылда киіктердің өлексесі табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлекселер қазан айынан бастап табыла бастаған. Ауыл тұрғындары жағдайды құзырлы органдарға хабарлаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Киіктердің сүйектері мен олардың ішкі ағзаларынан алынған патологиялық материалдар Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығының зертханасына сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша малдардың өліміне пастереллез ауруы себеп болғаны анықталды. Осыған байланысты «Охотзоопром» мекемесіне киіктердің өлекселерін жинауды ұйымдастыру және олар табылған жерлерді дезинфекциялауды сұрап хат жолданды, — деп хабарлады аудан әкімдігі.

    Қараша айында «Охотзоопром» мамандары облыстық ветеринарлық станциямен бірлесіп екі рет рейд жүргізіп, Сүйіндік және Азғыр ауылдық округтерінен 84 бас киік өлексесін жинады.

    Барлық қалдықтар санитарлық талаптарға сай кәдеге жаратылды.

    «Мәселе аудан әкімдігінің бақылауында. Қазіргі таңда киіктердің өлексесі қалған жоқ», — деп түсіндірді әкімдік.

    Фото: qov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →