Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Облыс әкімі қабылдамаған: Ақтауда үстіне бензин шашқан тұрғын өзін өртеп жіберді

Облыс әкімі қабылдамаған: Ақтауда үстіне бензин шашқан тұрғын өзін өртеп жіберді

Фото: anhor.uz

Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының жанында өзін өртеп жіберді. Тұрғын аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесуді талап еткен. Алайда тұрғынды облыс әкімі қабылдамаған соң, ол ғимарат алдында өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Atyrau ONLINE телеграм каналына сілтеме жасап.

«Әкімдік қызметкерлері азаматқа бүгін облыс әкімі жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізбейтінін түсіндірді. Оған қабылдау күнтізбесіне сәйкес белгіленген күні келу ұсынылды. Кейін оны Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдады. Алайда азамат бұған қанағаттанбай, өзіне жанармай құйып, өртеп жіберді», — деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.               

         Қылмыстық іс қозғалды 

Полиция мен дәрігерлер дереу шақырылды. Полицейлер отты сөндіріп, жедел жәрдем келгенше зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда тұрғынның жағдайы ауыр. Өзіне бензин шашқан адамның қандай проблемасын шеше алмай жүргені белгісіз.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика