Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды

    Атырауда қаза тапқан қыздың денесі 44 күн өтсе де табылмаған

    Атырауда қаза тапқан қыздың денесі 44 күн өтсе де табылмаған
    Фото: «Ақ Жайық»

    Атырауда қаза тапқан қыздың денесін іздеу тоқтатылды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

    Атырау тұрғыны 18 қазанда жоғалып кеткен болатын. 23 қазанда қызды әлдекімдер өлтіріп, денесін Жайық өзеніне тастаған деген ақпарат тарады. Бұл дерек бойынша 24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталып, куәлік берді. Қайғылы оқиғаға байланысты «адам ұрлау» және «адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    22 қазаннан бастап Жайық өзені мен жағалауында іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстарына 20-дан аса қызметкер, 5 техника, 7 су көлігі және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. ТЖД мәліметінше, іздеу операциясы аясында жағалау мұқият қаралып, Жайық өзенінің түбін сүзу әдісімен 4500 шаршы метрден аса аумақ тексерілген.

    Төтенше жағдайлар қызметкерлері Полиция департаменті көрсеткен орыннан бастап ағыс бойымен 30 шақырым қашықтағы акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар сүңгуір-құтқару жұмыстарын жүргізіп, эхолот қолданды. Бұдан бөлек, іздеу жұмыстарына қызметтік иттер мен кинологиялық топ қатысты. Қосымша іздеуге полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер де тартылған.

    «Іздеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан нәтиже болмады. Іздестірілгеніне 44 күн өтсе де, Янаның денесі табылмады. Күннің суытуына байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды», — деп жазылған хабарламада.

    Іздеу жұмыстарына қатысқан Янаның анасы Галина Легкодимова іздеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеді, сондықтан қызының мәйіті табылмады деп санайды.

    «Іздеу жұмыстары жүргізілген жерге бірнеше рет келдім. Жағалауда шамамен сегіз көлік болды, қайықтың бәрі жағалауда байлаулы тұрды. Сағат тілі 10:00 көрсетіп тұрды. «Дұрыс іздеп жатырған жоқ» деп қала әкімдігіне шағым жаздым, бірақ ол хатты ТЖД-ға жіберген. Содан кейін бір күні мені алып кетіп, іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті. Олар маған «әр затты көтеріп, астын қарап жатырмыз, бірақ нәтиже болмай тұр» деді. Кеше іздестіру жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады», — дейді Янаның анасы.

    Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, іс сотқа берілген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →