Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды

    Қызылорданың спорт басқармасын Бахтияр Артаев басқаруы мүмкін

    Қызылорданың спорт басқармасын Бахтияр Артаев басқаруы мүмкін

    Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    ҚР Туризм және спорт министрлігі Қызылорда облысының спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысын өткізген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Астанада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өткен. Онда Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына ұсынылған төрт үміткердің кандидатурасы қарастырылған.

    Басшылыққа Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бахтияр Артаевтың, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жігер Айекешовтың, «Қайсар» футбол клубының директоры Садық Мұстафаевтың және Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» КММ басшысы Азамат Тагаевтың кандидатурасы ұсынылған.

    Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →