Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Петропавлдағы мектепте үстіне төбенің сылағы құлаған балаларға диагноз қойылды

    Петропавлдағы мектепте үстіне төбенің сылағы құлаған балаларға диагноз қойылды

    Үстіне сылақ құлаған Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің үш оқушысы ертең ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бүгін балаларды мамандар тексерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассманның айтуынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Түнді жақсы өткізді. Денсаулықтарына қатысты шағымдары жоқ.

    «4 желтоқсан күні сағат 18.28 минут кеткенде 12-13 жастағы үш бала жеткізілді. Олардың үстіне мектепте төбенің сылағы құлап кеткен екен. Бүгін травматолог пен облыстың штаттан тыс невропатологы қарап, тексерді. Бұған дейін қойылған «бас миы шайқалу» диагнозы расталмады. Екі баланың арқасы жарақаттанған. Үшінші бала басынан соққы алған», — дейді Александр Гассман.

    Балалар бүгінгі күнді де ауруханада өткізбек. Өздерін жақсы сезінген жағдайда ертең үйлеріне барады. Оқуларын жалғасыруға қарсы көрсетілім жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →