Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысып, 6 адам зардап шекті

    Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысып, 6 адам зардап шекті

    Фото: Almaty_my телеграм арнасы

    2024 жылдың 26 ​​қарашасында Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында сағат 11:40-та болған.

    «Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, Гоголь көшесінің солтүстігінде, батысқа қарай темір жол бойымен келе жатқан тепловозға соқтығысты», – делінген хабарламада.

    Оқиға салдарынан автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

    Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →