Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады 5 млрд теңге: Ақтөбе облысында мұғалімдерге демалыс ақысы уақытында төленбеген Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды «Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО) 43 мыңнан астам отбасы ескі үйлерде тұрады: Алматыда реновация бағдарламасы баяу жүріп жатыр

Бірге түнеген: Астанада жігіт өзімен кездесуге келген қыздардың ұялы телефонын ұрлаумен айналысқан

Бірге түнеген: Астанада жігіт өзімен кездесуге келген қыздардың ұялы телефонын ұрлаумен айналысқан

Астанада жас жігіт өзімен кездесуге келген қыздың ұялы телефонын  ұрлаймын деп масқара болды. Жәбірленуші дәмханада жаңа танысқан жігітпен бірге уақыт өткізіп, кейін пәтер жалдаған. Алайда таңертең тұрғанда, жігіттің де, «iPhone 14» телефонының да жоқ екенін байқаған, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, еш қиындықсыз телефонды алып, пәтерден шығып кеткен. Қала тұрғыны болған жайт бойынша полицияға шағым түсірді.

«Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысты 20 жастағы жас жігіттің жасағанын анықтады. Тергеу барысында күдікті телефонды ломбардқа өткізгені белгілі болды, бұл жәбірленушіге 500 мың теңгеден астам шығын келтірген», — делінген хабарламада

Қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Фото: redmishop.ru

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика