Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Президент Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын •

    2 адам опат болды: ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады

    2 адам опат болды: ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады

    Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Өскемен-Самара тасжолында жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмаған.

    Төтенше жағдай облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Вольво» жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған.

    Жарылыс салдарынан салондағы жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.

    — Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жолда кратер жасап, өтіп бара жатқан бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбір мәліметке қарағанда, жарылғыш заты бар жүк көлігі Industrial Explosivers ЖШС-не тиесілі көрінеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →