Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Ақтауда шетелдік азаматтың зорлығы: әйелдің тісін сындырып, шашын қырқып тастады • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді •

    Атақты футболшы Холанд Қазақстан құрамасына қарсы ойынға баға берді

    Атақты футболшы Холанд Қазақстан құрамасына қарсы ойынға баға берді

    Фото: sport-pulse.kz

    Футболдан Норвегия құрамасының және англиялық «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Эрлинг Холанд Қазақстан құрамасына қарсы Ұлттар лигасындағы ойын туралы айтты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    17 қарашада УЕФА Ұлттар лигасының соңғы, 6-туры аясында Ослоның (Норвегия) «Уллевол» стадионында Қазақстан – Норвегия ойыны өткен еді. Бұл матчта алаң иелері 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Ойыннан соң Эрлинг Холанд NRK тілшілеріне сұқбат беріп, матч туралы пікірін айтты.

    «Ойын жақсы өтті, топта жеңіске жеттік. Керемет кеш болды, бәрі ойдағыдай. Бүгінгі ойын мен үшін қаншалықты маңызды болғанын алаңда көрдіңіздер. Бұл матчты 10 баллдық көрсеткішпен бағалар болсам, 5 немесе 6 деген ұпай беремін», — деді Холанд.

    Айта кетейік, Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд Қазақстанға қарсы ойында үш мәрте гол соқты (23, 37, 71-минутта). Сондай-ақ оның командаластары Александер Серлот (41-минутта) және Антонио Нуса (76-минутта) мергендік танытты. Осы жеңістен соң Норвегия командасы Ұлттар лигасының жоғары дивизионына (А) көтерілді. Ал 6 ойында 5 мәрте жеңіліс тауып, 1 рет қарсыласпен тең ойнаған Қазақстан құрамасы турнирдің С дивизионына түсіп кетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →