Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді

    «Мен ешкімді жақсы көрмеймін»: Черчесов бапкер қызметіндегі басты ұстанымын айтты

    «Мен ешкімді жақсы көрмеймін»: Черчесов бапкер қызметіндегі басты ұстанымын айтты

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы өткен матчты қорытындылады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:2 есебімен Аустрия құрамасының пайдасына шешілген еді. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында бас бапкер Станислав Черчесов ойынды қорытындылай келе, футболшылардың атын атап баға бермеуді жөн көрді.

    «Менен біреулер нақты футболшылар туралы сұрай бастағанда… Біз бәріміз тірі адамбыз, cезімге бой алдырамыз. Бірақ бұл жағдайда мен олай жасай алмаймын. Демек, бапкерге адам ретінде емес, функция ретінде қарау керек. Мен ешкімді бөліп-жармаймын. Ұлттық құрамада ешкімді жақсы көрмеймін және мені де жақсы көрмеуін сұраймын. Мұнда да, киім ауыстыратын бөлмеде де. Талап бар, біз оны орындаймыз. Мен сынамаймын, бірақ талап қоямын. Ал бізге ол талапты қазіргі футбол қояды. Мен соның орындалуын қадағалаймын. Ал дәл бүгін сол талапты қарсыласымыз қоя білді. Менің міндетім – кім қалай қабылдайтынын, кім үйренуге құштар, кімнің сынға дайын екенін және т.б. түсіну. Бізде «жақсы көремін – жақсы көрмеймін» деген жоқ. Ешкімді бөлмеймін”, — деді Черчесов.

    Айта кетейік, Қазақстан футболшылары 17 қарашада топтық кезеңдегі соңғы ойынын сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізеді.

    Фото: KFF

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →