Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО)

    ҚАЖК Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартты

    ҚАЖК Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартты

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияны айтпады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Бұған дейін оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы мекемеде отырғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар БАҚ-та Қуандық Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат тараған. ҚАЖК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып, бұл ақпараттың бір бөлігін растады, бірақ нақты колонияның атауын ашпады.

    «Сұрауыңызда көрсетілген сотталған азамат жазасын сот үкімі бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеп жатыр. Сотталушының қай жерде жазасын өтеп жатқаны туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес (Қылмыстық-атқару кодексінің 25-бабы), оның жақын туыстарына хабар берілген». — деп жауап берді комитет.

    Сондай-ақ комитет өкілдері Қуандық Бишімбаевтың колонияда жұмыс істемейтінін айтты.

    «Мекемедегі күн тәртібі барлық сотталғандарға бірдей. Жұмыс орнының жоқтығына байланысты ол жұмысқа орналаспаған», — деп қосты ҚАЖК.

    Еске салайық, бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →