Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде •

    Легионерлерді қуып жібергелі «Барыс» қарқынын күшейтті

    Легионерлерді қуып жібергелі «Барыс» қарқынын күшейтті

    Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» сырт алаңда «Нефтехимик» командасын жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

    Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтырғалы отандық клуб төртінші жеңісін тойлап отыр. Жерлестеріміз қонақта Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнап, жеңіс шайбасын овертаймда соқты.

    Екі күн бұрын ғана қос команда кездесу өткізіп, қарсыластарға 4:1 есебімен жол берген еді. Бұл жолы «Барыстың» екпіні бөлек болды.

    Алғашқы шайбаны ойынның 18-минутында астаналық команда сапынан Әлихан Өмірбеков соқты.Екінші кезеңде екі команда бір-бірінің осал тұсын таба алған жоқ. Шешуші кезеңде «Нефтехимик» сапынан Жан-Себастьен Ди есепті теңестіріп кетті.

    Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталғанымен, овертаймда «Барыс» ойыншысы Кирилл Панюков жеңіс шайбасын салды.

    Осылайша, елорда клубы легионерлерін қуып жібергелі және қазақ бапкерін тағайындағалы бері төртінші жеңісін тойлап отыр.

    «Барыс» келесі екі ойынын түзде өткізбек. Алдымен 15 қарашада «Салават Юлаевқа» (Уфа) қонаққа барса, 17 қарашада «Сочиге» қарсылас атанады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →