Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда екі блогер әдепсіз видео үшін қамауға алынды Бастауышта БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: министрлік бұйрық жобасын жариялады — не өзгереді? Тохтар Төлешовтің ісін қайта саралау туралы сотқа өтініш берілді Еуропадағы аномальды ыстық 2 млрд евролық шығын әкелді АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкциялар пакетін мақұлдады Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: қандай оқиғалар болжанған? Алматыда екі блогер әдепсіз видео үшін қамауға алынды Бастауышта БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады: министрлік бұйрық жобасын жариялады — не өзгереді? Тохтар Төлешовтің ісін қайта саралау туралы сотқа өтініш берілді Еуропадағы аномальды ыстық 2 млрд евролық шығын әкелді АҚШ Сенаты Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкциялар пакетін мақұлдады Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: қандай оқиғалар болжанған?

    Алматыда 400 мың теңге үшін супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасалды

    Алматыда 400 мың теңге үшін супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасалды

    Алматыда супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Полицейлер супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында болды.

    Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен. Қаскөйдің олжасы 400 мың теңге болды.

    – Қаскөй өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды.

    Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгені белгілі болды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

    Фото: polisia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →