Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Сорлаған жүргізушілер мен тозған көліктер: Қарағанды-Жезқазған тас жолы қашан жөнделеді? 1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады 807 адам қаза тапты: «Дала Қырандары» ҚазАвтоЖолға талап қойды Сорлаған жүргізушілер мен тозған көліктер: Қарағанды-Жезқазған тас жолы қашан жөнделеді? 1,5 миллиард теңге суға кетті ме? Ақмола облысындағы нәжіс Есілге жайылып жатыр Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты

    Каспий теңізінің тартылуы 2006 жылдан бері байқалады

    Каспий теңізінің тартылуы 2006 жылдан бері байқалады

    Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының дабылына берген Премьер-министрдің жауабында айтылған, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    Үкімет басшысы Олжас Бектенов теңіздің тұйық су қоймасы екенін, әртүрлі уақытта суында ауытқу болатынын жасырмады.

    – Каспий теңізінің деңгейі тұйық су қоймасы ретінде айтарлықтай көпжылдық, жыларалық және маусымдық ауытқуларға ұшырайды. 1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жүйелі бақылау кезеңінде деңгей Балтық жүйесі бойынша (бұдан әрі – БЖ) минус 25,74 метр (1900 ж.) белгісіне сәйкес келетін максималды мәннен минус 29,01 метр Балтық жүйесіне (1977 ж.) дейін өзгерді. Каспий маңы елдерінің барлық бақылау пунктінің деректері негізінде есептелген Каспий теңізінің орташа көпжылдық деңгейі минус 27,35 метр Балтық жүйесін құрайды, — деп жауап берді О.Бектенов депутаттарға.

    Жалпы, Каспий теңізінде 2006 жылдан бастап орташа деңгейінің төмендеуі байқалып келеді. 2023 жылға дейін 1,96 метрге төмендеп, минус 28,87 метр Балтық жүйесін құраған.

    Премьер-министрдің сөзінше, 2024 жылғы су тасқынына байланысты Каспий теңізіне құятын су көлемі де баяулаған. Десе де, Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландырумен 2 жоба, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ауқымында 2 бағдарлама жүзеге асырылмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →