Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 22 тамыз 2026 $ 457,0 534,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өскемен-Рахман қайнары жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр Ақмола облысында екі ауыл мерзімінен бұрын газбен қамтылды Экрандағы махаббат: кино мен өмір арасындағы алшақтық Тарбағатай тауларында Қызыл кітапқа енген арқарлар фототұзаққа түсті Алматы облысындағы мейрамханада өрт: 460 шаршы метр аумақ зардап шекті Қазақстандық Бекасыл Асамбек жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс алды Өскемен-Рахман қайнары жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр Ақмола облысында екі ауыл мерзімінен бұрын газбен қамтылды Экрандағы махаббат: кино мен өмір арасындағы алшақтық Тарбағатай тауларында Қызыл кітапқа енген арқарлар фототұзаққа түсті Алматы облысындағы мейрамханада өрт: 460 шаршы метр аумақ зардап шекті Қазақстандық Бекасыл Асамбек жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс алды

    Қазақстанда 2025 жылдан бастап мед-анықтамалар электронды нұсқада беріле бастайды

    Қазақстанда 2025 жылдан бастап мед-анықтамалар электронды нұсқада беріле бастайды

    2025 жылдан бастап Қазақстанда медициналық құжаттарды электронды түрде беру, тіркеу және басқару жүйесі іске қосылады. Бұл өзгеріс азаматтарға жеке медициналық анықтамалар алу процесін жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтуға бағытталған. Осы реформаның аясында Қазақстанда 28 түрлі анықтаманы алып тастау жоспарланып отыр.

    Фото: Pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамның артықшылығы ретінде азаматтардың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Электронды анықтамалар жүйесі жалған медициналық мәліметтерді қолдануды болдырмайды. Мәселен, асхана, мейрамхана, балабақша, мектеп сияқты мекемелердің қызметкерлері денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді бұрмалаудан сақтандырылады.

    Статистикаға сүйенсек, елімізде шамамен 1,6 миллион қазақстандықтың жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары бар, оның ішінде:

    • қоғамдық тамақтандыру саласында – 780 мың адам,
    • білім беру саласында – 550 мың адам,
    • денсаулық сақтау саласында – 272 мың адам,
    • жеке секторда – 52 мың адам.

    Бұл бастама цифрландырудың денсаулық сақтау саласына оң әсерін тигізетін тағы бір маңызды қадам болмақ. Бұған дейін де елімізде сегіз түрлі медициналық анықтама электронды форматта беріліп келе жатқан болатын. Ендігі жерде бұл үрдіс кеңейтіліп, азаматтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған жүйе толығымен электронды түрде қызмет көрсете бастайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →