Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық әйел есіктің кілтін ұмытып кетіп, үйіне оралғанда ұрыны ұстап алды • Қазгидромет 29 қыркүйекке ауа сапасы болжамын жариялады • Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белдесуді Нью-Йоркте өткізгісі келетінін айтты • Психолог: Жұптасып жаттығу қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін • Португалия ЕО-дағы ең көп ішетін елдер рейтингісін басқарды • Индонезиядағы Папандаян тауынан сирек кездесетін «көк жалын» байқалды • Астаналық әйел есіктің кілтін ұмытып кетіп, үйіне оралғанда ұрыны ұстап алды • Қазгидромет 29 қыркүйекке ауа сапасы болжамын жариялады • Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белдесуді Нью-Йоркте өткізгісі келетінін айтты • Психолог: Жұптасып жаттығу қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін • Португалия ЕО-дағы ең көп ішетін елдер рейтингісін басқарды • Индонезиядағы Папандаян тауынан сирек кездесетін «көк жалын» байқалды •

    Депутат: «Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуі, «Ескі Қазақстанның» мемлекетке қарсы заговоры!»

    Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуі, «Ескі Қазақстанның» мемлекетке қарсы заговоры!», деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today  Abai.kz-ке сілтеме жасап. 

    «Мұндай «тұтқиыл қашуды» ІІМ, шекара қызметі өкілдерінсіз ұйымдастыру мүмкін емес.

    Бұл эксцесс жіті тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылып, Серік Күдербаев Қазақстанға экстрадиция жасалуы тиіс. Бұл мәселе Мәжіліс депутаттары бақылауында болады»,-деп жазды депутат өзінің Facebook парақшасында.

    Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Оның 23 наурыз күні Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайынан Түркияның Ыстамбұл қаласына қашып кеткені белгілі болды. Бұған дейін Күдебаевтың соты бірнеше рет шегеріліп келген. Осыған орай сот оны мәжбүрлі түрде сот залына әкелуге қаулы шығарған.

    Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған.

    Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →