Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 4193 ұпай бар.

    Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді

    Сурет: ${article.img_text}

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға шықты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Спортшының еншісінде 4193 рейтингтік ұпай бар. Әлемдік рейтингтің көшбасшысы — АҚШ өкілі Илья Малинин (4590 ұпай). Ал үздік үштікті 4123 ұпай жинаған жапондық Юма Кагияма түйіндеп тұр.

    Бұл — Михаил Шайдоровтың ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші.

    Бұған дейін қазақстандық спортшы Братиславада өткен ISU Challenger Memorial Ondrej Nepela сериясындағы турнирдің қола жүлдегері атанған болатын. Бұл жарыс ол үшін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық дода болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →