Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады •

    «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды

    ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті. Жоба еліміздің барлық өңірін қамтиды.

    «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды

    Сурет: gov.kz

    Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Брифингке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы әрі комиссия төрағасы Мереке Құлкенов, Құрылтай депутаттары Жанарбек Әшімжан мен Сергей Пономарев, Креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма төрағасы Ерлан Каналимов және Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Марина Подгайнова қатысты.

    «Жылдың 10 оқырманы» жобасы 1 қыркүйекте кітап оқу марафонымен басталды. Жоба халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, белсенді оқырман қатарын анықтауды көздейді.

    Былтыр марафон үш өңірде пилоттық форматта өткізіліп, оған 190 мыңға жуық адам қатысты. Биыл жоба еліміздің барлық өңірін қамтып отыр.

    Қатысушылар жеті санат бойынша бақ сынайды. Жобаға мектеп оқушылары, колледждің білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтер, үш буын өкілдері бар отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және өзге де азаматтар қатыса алады.

    Саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері үшін «Parasat» жеке бағыты қарастырылған. Марафонға қатысу тегін әрі ерікті негізде жүргізіледі.

    Қатысушылар үшін отандық және әлем әдебиетінің 345 шығармасынан тұратын кітаптар тізімі әзірленді. Әр қатысушы өз санаты бойынша 15 кітап оқуға тиіс.

    Марафон 2027 жылдың наурызына дейін жалғасып, 195 аудан мен 87 қаланы қамтиды. Облыстық іріктеу қорытындысында 4 мыңға жуық жүлдегер анықталады. Ал 20 өңірден 200 қатысушы республикалық финалға жолдама алады.

    Финалда қатысушылар әңгімелесуден өтіп, көпшілік алдында сөз сөйлейді. Осы кезеңде олардың оқыған шығармаларды қаншалықты меңгергені және әдеби туындыларды талдай білуі бағаланады.

    Жоба қорытындысында комиссия еліміздің 10 үздік оқырманын анықтайды. Олардың әрқайсысына «Жыл оқырманы» атағы беріліп, 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

    Марапаттау рәсімі 23 сәуір – Ұлттық кітап күні Республикалық оқырмандар форумы аясында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →