Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық әйел есіктің кілтін ұмытып кетіп, үйіне оралғанда ұрыны ұстап алды • Қазгидромет 29 қыркүйекке ауа сапасы болжамын жариялады • Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белдесуді Нью-Йоркте өткізгісі келетінін айтты • Психолог: Жұптасып жаттығу қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін • Португалия ЕО-дағы ең көп ішетін елдер рейтингісін басқарды • Индонезиядағы Папандаян тауынан сирек кездесетін «көк жалын» байқалды • Астаналық әйел есіктің кілтін ұмытып кетіп, үйіне оралғанда ұрыны ұстап алды • Қазгидромет 29 қыркүйекке ауа сапасы болжамын жариялады • Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белдесуді Нью-Йоркте өткізгісі келетінін айтты • Психолог: Жұптасып жаттығу қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін • Португалия ЕО-дағы ең көп ішетін елдер рейтингісін басқарды • Индонезиядағы Папандаян тауынан сирек кездесетін «көк жалын» байқалды •

    Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

    Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    Бүгін Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ісі бойынша соттың кезекті отырысы өтті. Ол сотқа келмеді. Бұған дейін кейбір БАҚ сотталушының Қазақстан аумағынан кеткенін хабарлаған еді.

    Талдықорған қалалық сотының судьясы Шекара қызметінің мәліметінше, Күдебаев Қырғызстанмен шекара арқылы ел шекарасынан кетіп, одан әрі Манас әуежайынан Түркияға ұшып кеткенін хабарлады. Бұл 23 наурызда болған.

    Сондай-ақ, судья 9 наурыз күні сотталушы гипертония диагнозымен Рахат медициналық орталығына жатқызылғанын хабарлады. Сотталушының ауруына байланысты сот отырыстары бірнеше рет кейінге қалдырылғандықтан, Күдебаевты сотқа мәжбүрлеп жеткізу туралы шешім қабылданды. Алайда, оның елде жоқ екені белгілі болды.

    Айта кетейік, былтыр мамыр айында Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» ретінде Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша жүргізілді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →