Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді •

    Солтүстік Қазақстанда 2 шенеунік парамен ұсталды

    Солтүстік Қазақстанда 2 шенеунік парамен ұсталды

    Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды. Оларға пара берген жеке кәсіпкер де жазасыз қалмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    СҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктер осы жылдың мамыр айында ұсталды. Сол кезде аудан әкімінің міндетін атқарған Еркебұлан Дүйсембин және бөлім басшысы Дмитрий Руденко «Компания «МегаСтройИнвест» ЖШС және «ВТВ-Тайынша» ЖШС өкілі Ваге Акопяннан пара алған. Шенеуніктер атқарылған жұмыс актісіне кедергісіз қол қоюды 10 млн теңгеге бағалаған.

    2 мамыр күні Руденко 5 млн теңге, келесі күні қалған соманы алған. Сотталғандардың кінәсі толық дәлелденді. Десек те үкім шығарарда олардың кішкентай балаларының барлығын ескерді.

    Петропавл қалалық соты Е.Дүйсембинді ҚР ҚК 366 бабының 3 бөлімі 2 тармағы бойынша 7,6 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

    Д.Руденко да осы бап бойынша сотталып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Екі шенеунік те өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

    Ал пара берген кәсіпкер В.Акопян ҚР ҚК 367 бабының 2 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 3,6 жылғы сотталды.
    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →