Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мөлдір Мұқанова туған ауылында сағынышын басып, балалық шағын еске алды Атырауда белгісіз ер адам 12 жасар қызға жыныстық ниетпен тиіспек болған Иран парламенті Ормуз бұғазы арқылы АҚШ пен Израиль кемелерінің өтуіне тыйым салуды қарастыруда Димаш Құдайберген DiMENSIONS атты жаңа әлемдік тур бастайды Қазақстанда ертең аптап ыстық сақталады: кей өңірлерде найзағай мен бұршақ күтіледі Димаш Құдайберген қарындасының тойында ән айтып, желіде пікірталас тудырды Мөлдір Мұқанова туған ауылында сағынышын басып, балалық шағын еске алды Атырауда белгісіз ер адам 12 жасар қызға жыныстық ниетпен тиіспек болған Иран парламенті Ормуз бұғазы арқылы АҚШ пен Израиль кемелерінің өтуіне тыйым салуды қарастыруда Димаш Құдайберген DiMENSIONS атты жаңа әлемдік тур бастайды Қазақстанда ертең аптап ыстық сақталады: кей өңірлерде найзағай мен бұршақ күтіледі Димаш Құдайберген қарындасының тойында ән айтып, желіде пікірталас тудырды

    Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

    Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді
    Фото: Zakon.kz
    Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның «Киберпол» қызметкерлері жүргізген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді.

    Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған.

    Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    «Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталуда», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

    ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →