Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр •

    СҚО-да балалар күшікті қорлап, құлағына петарда жарған

    СҚО-да балалар күшікті қорлап, құлағына петарда жарған

    Солтүстік Қазақстан облысында балалар күшікті қорлап, оның құлағына петарда жарған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға жайлы волонтер Наталья Чиркова өзінің Instagram парақшасында жазды.

    «Бензостройдың соңғы аялдамасында балалар күшікті қорлап, оның құлағына петарда салып, жарған. Бұл қорқынышты әрекетті басқа балалар да көріп тұрған. Бүгін күшікті қорлаған болса, ертең адамға да осылай жасай ма? Бұл балалардың ата-аналары мен мектептеріне сын», – деп жазды зооқорғаушы.

    Натальяның айтуынша, оқиға туралы естіген соң, бір волонтер дереу барып, жануарды алып, ветеринарлық клиникаға жеткізген. Жапа шеккен күшіктің жасы шамамен төрт ай екен.

    «Бұл оқиғаны қоғам назарына жеткізіп, балалардың отбасыларын жауапкершілікке тартуды сұраймын. Емнен кейін бұл күшіктің жылы үйге де зәру екендігін айта кеткім келеді», – деді волонтер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →