Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда ертең аптап ыстық сақталады: кей өңірлерде найзағай мен бұршақ күтіледі Димаш Құдайберген қарындасының тойында ән айтып, желіде пікірталас тудырды Қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбай Канададағы беделді университетке жұмысқа орналасты Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшуінің шын себебін айтты Кабинеттен кабинетке: Емханадағы жаңа тәртіп пациенттің жолын қысқарта ала ма? Сандуғаш Стамғазиева сахнаға оралып, шығармашылығын қайта жандандыратынын айтты Қазақстанда ертең аптап ыстық сақталады: кей өңірлерде найзағай мен бұршақ күтіледі Димаш Құдайберген қарындасының тойында ән айтып, желіде пікірталас тудырды Қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбай Канададағы беделді университетке жұмысқа орналасты Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшуінің шын себебін айтты Кабинеттен кабинетке: Емханадағы жаңа тәртіп пациенттің жолын қысқарта ала ма? Сандуғаш Стамғазиева сахнаға оралып, шығармашылығын қайта жандандыратынын айтты

    «Айуандыққа қадам басып жатыр»: депутат квадроберлерді шектейтін заң шығару бастамасын көтерді

    «Айуандыққа қадам басып жатыр»: депутат квадроберлерді шектейтін заң шығару бастамасын көтерді

    Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қоғамда пайда болған квадроберлердің қауіпі жайлы айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

    «Ата-аналарға үндеу. Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Иә, олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусінге еліктеп солардың күйін кешіп (мияулайды, үреді, ұлиды), тамағын жейді. Шетелде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеген, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, адамдар адамшылыққа емес нағыз айуандыққа қадам басып жатыр. Бұл бір жұқпалы ауру сияқты. Әсіресе, жасөспірімдер бір-бірінен көріп еліктеп жатыр. Ата-аналарға дабыл қағып жатқаным да осыдан. Бұл — субмәдениет. Бұның артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр. Сақ болыңыздар», — дейді Дәулет Мұқаев.

    Депутаттың айтуынша, квадроберлердің әрекетін құзырлы органдар мұқият зерттеу керек.

    «Керек десеңіздер, біздің тараптан (Парламент) арнайы заң шығаруға да дайынбыз», — дейді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →