Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр • Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды •

    Нанның бағасы 50 теңге болу керек — Алмасбек Садырбай

    Нанның бағасы 50 теңге болу керек — Алмасбек Садырбай

    Ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, «Шаңырақ» ұлттық агро-қозғалысы» РҚБ төрағасы Алмасбек Садырбай Adal ADAM Youtube-арнасына берген сұхбатында ұн мен нан неге қымбаттағанын түсіндірді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, еліміздегі диірменнің саны азайтылған.

    «Ауыл шаруашылығына Асылжан Мамытбеков министр болғаннан кейін Қазақстанда ұн өндірісі құлдырай бастады. Неге? Себебі Ақылбек Күрішбаев, Ахметжан Есімовтен кейін келген министрлер диірмендердің санын азайтты. Елімізде 1800 диірмен болды, бүгінде Қазақстанда қалғаны, нақты жұмыс істеп тұрғаны — 40 диірмен. 40 диірменнің қожайындары «ұнның бағасын түсірмейміз» деп бір-бірімен ауыз жаласып, ымыраға келіп отыр. Менде қарапайым сұрақ, айтыңыздаршы, бидайдың бағасы бүгінде 50 теңге болғанда, ұнның бағасы қанша болуы керек? Ұнның бағасы 100 теңге болуы керек. Ал нанның салмағы 600 грамм болса, нанның бағасы шамамен 65 теңге болуы керек. Оған қоса, үкімет наубайханаларды нан пісіргені үшін субсидиялап жатыр. Осыны ескерсек, бүгінде нанның бағасы 50 теңге болу керек. Қарапайым арифметика. Ал қазір 100 теңгеден кем нан таппайсыз. Неге ұн арзан емес? Өйткені 40 ғана диірмен қалды, солар келісімді қымбат күйінде ұстап отыр. Демек, 40 диірмен кішкентай диірмен емес, олар алпауыт диірмендер, олар агро олигархтарының диірмендері. Бұлар кішкентай диірмендерді тұншықтырып, жауып тастаған. Осы олигархтың барлығы қазіргі ауыл шаруашылығы министрінің төңірегіне жиналған», — деді Алмасбек Садырбай.

    Фото: «Adal adam»

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →