Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты

    «Фильмге түсуге рұқсат етпейді.»: Аша Матай жолдасының мінезі жайлы айтты

    «Фильмге түсуге рұқсат етпейді.»: Аша Матай жолдасының мінезі жайлы айтты
    Фото - Caravan.kz

    Фото:  Caravan.kz

    Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші, актриса Аша Матай ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасынан сыр шертті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі тұрмысқа шыққан жылдары сахнадан қол үзіп қалғанын жасырмай, бұл туралы “1001” түн бағдарламасында айтып берді.

    “Жолдасым фильмге түсуге рұқсат етпейді. Өзінің жарын қызғану, қимау бүкіл ер-азаматтарға тән нәрсе деп ойлаймын. Негізі Арманның қолдауы ерекше. Ол да өнерде жүргесін бәрін түсінеді. Отағасына көп рақмет айтқым келеді. Сахнада жарқырап, құлпырып жүруімнің өзі – сол кісінің арқасы, қолдауы. Өзінің «Менсіз киноға түспеші» деген өтініші бар еді. Мен соған келістім. Түсетін болсақ, бірге түсеміз», – деді актриса.

    Одан кейін шоу-бизнес жұлдызы сахнадан гөрі отбасылық кәсіпке ден қойып, қыздарының тәрбиесімен айналысып жатқан көрінеді.

    “Қазір мен уақытымды үйге, бала-шағама, күйеуіме, енеме арнаймын. Сондай кезеңде жүрмін. Бизнес саласына бет бұрдым. Ал Арман қазір әншілік қырынан көрінуге дайын. Бірнеше ән жазып жатыр, хит болады деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды Аша Матай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →