Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады •

    БҚО-да қаңғыбас ит бес жастағы қызды ойын алаңында талап тастады

    БҚО-да қаңғыбас ит бес жастағы қызды ойын алаңында талап тастады

    БҚО-да қаңғыбас ит 5 жастағы қызды талап тастады. Оқиға Бөрлі ауданының Ақсай қаласында орын алған. Facebook-ке тараған мәліаметке қарағанда сәби ауыр жараланған. Жергілікті  «Мой город» басылымының жазуынша, иттер қаланың  солтүстік бөлігіндегі Алексеев көшесіндегі ойын алаңында шабуыл жасаған.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасы 11 қазан күні түстен кейін аудандық ауруханаға бірнеше рет тістеген жаралары бар бес жасар қыз жеткізілгенін хабарлады.

    «Қабылдау кезінде травматикалық шок белгілерін ескере отырып, бала реанимация бөліміне жатқызылды. Анальгетикалық терапия, жараларды алғашқы хирургиялық емдеу, сіреспеге қарсы сарысумен шұғыл вакцинация жүргізілді. Реанимация бөлімінде болған кезеңде баланың жағдайы тұрақтанды. Ол хирургия бөліміне ауыстырылды», — делінген хабарламада.

    Ведомство қазір қыздың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланатынын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →