Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

«Түсініксіз қоңыраулар түсе бастады»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттан кейінгі жағдайы туралы айтты

«Түсініксіз қоңыраулар түсе бастады»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттан кейінгі жағдайы туралы айтты

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Өткен айда актриса және блогер Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясының алдауына түсіп, өз үйін қайтарып алу үшін сотқа жүгінгенін мәлімдеді. Аудандық сотта бұл мәселе қаралғанымен, шешім актрисаның пайдасына шықпаған еді. Жұлдыз бұдан кейін аппеляциялық сотқа шағымданып, әлеуметтік желіде отырыстың видеоүзінділерін жариялаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Актрисаның айтуынша, бірінші сотта жеңіліс тапқанда, көптеген дәлелдер қараусыз қалған. Адвокатымен бірлесе отырып, қалалық соттың барысын жариялауды жөн көрген.

«Осыдан кейін түсініксіз қоңыраулар келе бастады. Бұған аса мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкентте болғанымда, бейтаныс адамдар менің жанымдағы адамдарға жолығып, “сотқа байланысты жарияланған ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер өшірмесе, біз келіссөзге дайынбыз, мәселені шешуге тырысамыз, бірақ ақпаратты дереу өшіру керек” деген сәлемдеме жеткізіпті. Ескерте кетейін, мен бұл адамдарды көрмедім, олар менімен тікелей байланысқан жоқ! Сот процесінен тыс ешқандай келіссөздерге бармайтынымды ашық айтамын», — деп жазды Жұлдыз.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика