Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды •

    Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

    Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген, деп хабарлайды Qazaq.today ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, «Qnet» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

    «Qnet» халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды.

    Бірқатар шет елдерде «Qnet» компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды, сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

    Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн. теңгені құрады.

    Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.

    ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

     

    Qazaq.today

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →