Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Сәуірден бастап әлемнің жаңа валютаға көшетіні – жалған

    Әлеуметтік желілерде тараған «1 сәуірінде бүкіл әлем жаңа валюта – CBDC-ге көшетіні» туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Stopfake.kz сайтының мәлімдеуінше, CBDC – бұл нақты валюта емес, әр түрлі елдердің Орталық банктеріне тиесілі барлық цифрлық валюталардың жалпы атауы. Яғни, әр елде басып шығаратын ақша секілді, цифрлық валюта да болуы мүмкін.

    Бүгінгі таңда әлемде CBDC тоғыз елде іске қосылды.

    Көптеген басқа елдер CBDC енгізу мүмкіндігін әлі зерттеп жатыр немесе пилоттық жобалар әзірлеуде. Алайда, осы жылдың бірінші сәуірінде CBDC енгізілгені туралы бірде-бір ел жариялаған жоқ.

    CBDC-ді Қазақстанда да енгізу жоспарланып отыр. Еліміздің Ұлттық Банкі цифрлық теңгені интеграциялау жобасын әзірлеуде. Алайда, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Жоспар бойынша цифрлық валютаның толық интеграциясы тек 2025 жылы жүргізілуі тиіс.

    Бұл ретте цифрлық теңгені енгізу қолма-қол ақшаны пайдаланудың күшін жоюды немесе оған тыйым салуды білдірмейді. Ол қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдермен қатар пайдаланылатын болады, бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің сайтында жазылған.

    Осылайша, 2023 жылдың 1 сәуірінде әлемде, нақтырақ айтқанда, Қазақстан жаңа цифрлық валютаға көшеді дегенге сенуге негіз жоқ.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →