Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты •

    Рудныйда үш жасар бала магнит жұтып, қайтыс болды: дәрігерлер тергеуге алынды

    Рудныйда үш жасар бала магнит жұтып, қайтыс болды: дәрігерлер тергеуге алынды

    Рудный қаласында он магнит жұтып қойған үш жасар бала қайтыс болып, дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Осы іспен айналысып жатқан адвокат Дамир Хамитов өзінің facebook-парақшасында Қылмыстық кодекстің 317-бабы (медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы) бойынша тергеу басталғанын жазды.

    10 магнит жұтып қойған Сашаның өлімі бойынша дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Енді сот-медициналық сараптама мен Фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлер тергеуге алынады. Кінәлі адамдар баланың өлімі үшін жазасын алуы керек, — дейді ол.

    Айта кетері, өткен айда Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөліміне 3 жасар бүлдіршін түскен. Баланы рентгенге түсіргенде бір-біріне жабысып қалған он магнит дөңгелектері анықталды. Дәрігерлер алты магнитті алып шықты. Ал үшеуі ішек қуысына кетіп қалған.

    Мамандар бөгде зат өздігінен шығады деп ойлаған. Бірақ олай болмай шықты, балаға шұғыл операция жасалды. Отадан соң бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →