Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі 5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды Kaspi ең табысты депозит бойынша мөлшерлемені төмендетеді: қазақстандықтар енді қанша алады Атырау облысында 37 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі

    «Жалғыз қалған өнерпаз аз ба?»: Сәуле Әбілдаханқызы Мақпал Жүнісоваға қатысты пікір білдірді

    «Жалғыз қалған өнерпаз аз ба?»: Сәуле Әбілдаханқызы Мақпал Жүнісоваға қатысты пікір білдірді

    Журналист Сәуле Әбілдаханқызы ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға шүйлікті, деп жазды qazaq.today.

    «Жалғыз қалған әйел, әнші, ақын, жазушы, өнерпаз аз ба? Бағланова, Төлегенова, Рымбаева, Есқалиева, Нұрмағамбетова, Құлышева, Самединова, Бибіажар… Әншілерден басқа, театр артистері қаншама! Ақын қыздар мен жазушы, журналист қыздар қаншама! Еркеліктің де жөні болады. 60-тан асқанша «ерке қызбын» деп, шолжаңдау — еркелік емес, ақымақтық… Тойда салбыраған мойындары мен қолдары, омыраулары мен қолтықтары ашық-шашық боп, шошаңдап билейтін кемпірлерді көрсем, құдай соларға титімдей сана бермегеніне жаным ашиды. Кеше сондай бір видео көрдім, былшиған кемпір ашық-шашық киініп, шошаң-шошаң етіп жүр. Еп-ерсі. Жарасса қане!.. Жүрегің айниды. Ондай кемпірлер де, видеолар да аз емес. Оларға «о, неткен күшті би!.. О, неткен ритм!..» деп, ештеңенің байыбына бармайтындар қол соғып, тамсанып отырады…

    Жас болса, бір жөн, «е, жас қой, жастық шақ сонысымен қызық та» дейсің де қоясың. Кәп-кәрі кемпірлерге не жорық? «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» дейтін қазақ едік. Қазір бір тойдан жүлдеге бір боқ-дүние ұтып алу үшін іркілдеп, селкілдеп, жерге жата қалып, бар әбүйірін ойрандай ашып, бар абыройын айрандай төгіп, сол приз үшін өліп кете жаздайтын болыпты. «Ұят болады» деген тәрбиенің, әдептің нағыз темірқазығынан айырылып қалдық… Ұят түгілі, масқара болса да, бүлк етпейтін болды…

    Әр жастың өзіне лайық әдебі болмаса, қиын… Әдемі қартайғанға не жетсін!.. Әсіресе әйел адамға…», — деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →